Сұлулық әлемді құтқарады.
Көзден кетсе – көңілден кетеді.
Қорыққанға қос көрінеді.
Барлық саны: 5%.
Архетипі: Мәдениетті қалыптастыру – адамзат өмірінің, соның ішінде, жеке тұлғаның және де бүкіл қоғамның құндылықтарын жоғарылату.
Түрлік рөлі: Бейбітшілік уақытында, тәрбиеші ұрғашы. Соғыс кезінде қауымның күндізгі қарауылшығы.
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Ең ыңғайлы түсі – жасыл түс.
2. Ең ыңғайлы геометриялық кескіні – дөңгелек.
3. Квартельдегі орны – АҚПАРАТ квартелінің сыртқы бөлігі, жарқын экстраверт.
4. Интеллект типі – бейнелі.
ПСИХИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Зигмунд Фрейд «Долы тұлға» туралы өзінің жұмыстарында, өзі білмей, күйзеліске түскен көрулік векторын айқындап суреттейді.
Психиатр ретінде Фрейд өз еңбектерінде, патологиялық ауруға шалдыққан иелеріне негізделгендіктен, сау көрулік вектор иелері жөнінде ештеңе айтылмаған.
Бүгінгі күнде жүйелі-векторлық психология, тұңғыш рет адам мінезінің барлық спектрін айқындап оның ішіне БІР ҚАЛЫПТЫ күйді де анықтайды.
Алғашқы адамдардың арасында, алғашқы қауымда, көргіш, күндізгі күзетшінің рөлін орындаған.
Көру рецепторының айрықша сезімталдығы, басқа адамдарға қарағанда, барлық айналадағы өзгерістерді уақытында байқауға оған мүмкіндік береді. Тал көлеңкесіндегі алапес қабыланды көргіштен басқа ешкім көрмейді, байқамайды.
Көргіш өте байқағыш, ол ештеңені көзден таса қылмайды, оның әуес ізденгіш назарынан ештеңе байқаусыз қалмайды.
Түстерден басқа көргіш иістерді де жақсы айырады, хош иістерден ләззат алатындықтан, ол көбіне қымбат әтірлер мен косметикаға әуес. Сол себептен ол жаман иістерге шыдай алмайды.
Көргіш, әлемдегі, білім алуға деген қабілеті бойынша бірінші орын алады: өйткені көз арқылы біз ақпараттың 99,9 % қабылдаймыз. Бейнелі интеллектің дамуына көрулік векторының үлкен әлуеті бар.
Көру зеректігінен басқа, көргіш қауымда өзінің түрлік рөлін атқаруға қажетті мол эмоцианалдық амплитудаға ие. Келе жатқан қауіп жөнінде қауымды шапшаң ескерту үшін көргіштің үрейі ұшу керек. Одан бөлінген қорқыныш феромондарын бүкіл қауым сезіп қалып, тез арада қашып үлгереді. Оның бұл қабілеті күні бүгінге дейін сақталған.

Ондай адамдарды «Түймедей затты, түйедей қылады» деп айтады, себебі олар, әр жәйтті, жүрекке жақын қабылдайды. Өйтседе, табиғат мұндай қасиетті көргішке жай бермеген, ол қауымда, өзінің күндізгі қарауылшық рөлін атқару үшін берілген. Көрулік вектордың бүкіл эмоционалдық амплитудасы ең қуатты екі сезім арасында, яғни махаббат пен қорқыныш арасында ауытқып тұрады.
Қорқыныш – алғашқы адамдардың санасындағы басты алғашқы сезім, яғни түп тамыры. Бұл – ішкі күй, ішкі қөрқыныш, өзі, өз өмірі үшін қорқыныш. Уақыт өте келе, қорқыныш күй іштен сыртқа шығып, тек өзі үшін емес, өзгелер үшін де қорқу, сөйтіп қорқу сезімі махаббат сезіміне айналады. Қорқыныш сезімі және әр түрлі фобиялар – көрулік векторына жатады.
Ең үлкен көргіштің қорқынышы – ол қараңғыдан қорқу, қараңғыда қауіпті айырмауы. Кішкентай кезден бастап көрулік векторын, ішкі қорқыныш сезімін сыртқа махаббат сезіміне шығару үшін басқа адамдардың сезімдері мен қажеттіліктерін түсінуге бағытталған кітаптар мен ертегілерді оқу керек. Басты киіпкердің сезімдерін түсіну, оның орнына өзін қою, баланың эмоциясын дұрыс бағытқа, бір қалыпқа келтіреді. Баланың сезімділігі мен бірге, интеллекті де дамиды.

Оларға қорқынышты ертегілерін айтып, ешқашан көргіш балаларды қорқытуға болмайды, соның кесірінен оларда қорқыныш сезімі тұрақталып, дамуы тоқтайды. Сол себептерден, көргіш балаларға, кісі жерлеу рәсіміне қатыспағаны жөн – психикасына зақым келтіреді, стрестік күйге шалдығады, мүның бәрін күйзеле басынан кешіреді. Кішкентай кезінде жан дүниесінде қорқыныш сезімі тұрақталған балада, өскенде ішкі қорқыныш сезімінен сыртқы адамдарға махаббат сезіміне ауысуға кедергі болады. Жан дүниесінде қорқыныш сезімі тұрақталған адамды бірден айыруға болады. Ол өзін-өзі шошытқанды ұнатады: зәресін ұшыратын фильмдерді қарайды, түнде зиратқа барады, о дүние жөнінде хикаялар оқиды.
Өлім және өлімге тиісті нәрсенің бәрінен қорқады. Ал нашар жағдайдағы ойын жүзеге асыра алмаған долы көргіш өлімге тартылады, қорқынышқа толы, түн ортасында зиратқа барып, жан-жағын өлім белгілерімен қоршайды. Сөйте отыра, ол өзін-өзі алдайды: - «Қорқыныш сезімінің көзі өзім болсам, онда ештеңеден қорқып керек емес» деп ойлайды.
Өз өмірі үшін үрейлену, архетиптік қорқыныштан, алғашқы жабайы қорқыныштан шығу жолдары, ол сублимация, демек өз үшін қорқу сезімін, сыртқа басқаларға бағыттау, өзге адамның ойын ғана түсіну емес, сонымен қатар адамдардың сезімдерін түсіну, қиындықтарына сол адамның позициясынан қарау. Көрулік векторының жанашырлық пен махаббатқа қабілеттілігі төрт дәйекті даму дәрежесінен тұрады: жансыз, өсімдік, жануар және адам. Көрулік векторына тән қасиет, ең жоғарғы сублимация – ол адамға сүйіспеншілік махаббаты.
Көргіш адамдар, алғашқы қауымның ең әлсіз мүшесі болған, бүгінгі күнде әлде де солай. Денсаулық қорғаныс жүйесі әлсіз. Маусымдық өзгерістерде бірінші болып ауырады, вирустық эпидемияларға шалдығады. Олар кісі өлтіруге қабілетсіз, олар барлығын аяйды: кұстарды да, балықтарды да, піл мен бүйені де. Өз ағзасындағы микробтарды да өлтіре алмайды. Көрулік векторы, жалғыз - антиөлтіру векторы.
Көргіш адамдар, басқаларға қарағанда, ең бірінші қаза табатынын іштей сезінеді, өздерін қорғай алмайды. Ең қуатты екі сезім, яғни махаббат пен қорқыныш: бір жағынан қорқыныш күйде тек өз өмірі үшін мазасызданса, қорықса, ал екінші жағынан махаббатқа толы эмоциясын сыртқа шығарып, көргіш өмірдің құндылығын түсіну денгейін арттырады, өз өмірі мен өзге адамдардың өмір құндылығын көтеру үшін алдын ала жағдай жасайды. Махаббатқа толы күй кеше отырып, көрулік векторы көрулік өлшем арқылы ӨМІРДІ, барлық ТҰТАСТЫҚ, БІРЛІК маңыздылығын және жеке адамның дербес құқықтылығын бекітеді.
Ақпарат квартелінде, көрулік вектордың ағасы дыбыс векторы – «Өмірдің мағынасы неде ?» деген іздену де жүрсе, дамыған көргіш үшін жауабы анық – ол махаббатта.

Махаббат денгейіне дамыған көргіш, эмоцияға бай амплитудасын сыртқа шығарады: ол өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіруі. Дамыған көргіш қарым-қатынас психологиясын өз сезімталдығы, мейірімділігі арқылы түсінеді - өзге адамға, қайғы-қасіретке душар болған, сондай-ақ, қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсетеді, оларға қолдан келгенінше көмектесіп, қамқорлығын білдіреді. Күйзеліске түскен адамның жан дүниесін түсініп, өмірде өз орнын тапқан, ойын жүзеге асырған, көргіш, оны стрестік жағдайдан шығару үшін өз эмоционалдық амплитудасын аямайды. Әңгіменің дәл мәнісіне келгенде, көргіш біреудің кішкене эмоциясын өзінің үлкен эмоциясымен игереді. Көргіш нағыз «Психотерапевт», ол қарым-қатынас психологиясына қызығушылық танытады.
Нағыз махаббат тек қана көрулік векторында бар. Ер адам мен әйел адам арасындағы қарым-қатынаста дамыған көргіш, басқа адамға ең терең, адал, риясыз, шынайы махаббатын көрсетеді.
Ішкі қорқынышын сыртқа түгел шығармаған көргіш, махаббат сезімін толық эмоционалдық амплитуда да бастан кешіргісі келеді. Бұл жағдайда көргіш терең, шынайы махаббаттың орнына, өткінші, тұрақсыз сезімді таңдайды. Жалпы айтқанда, олар 5 минуттік махаббат актёрға, көршіге, тіпті трамвайда қарсы отырған жолаушыға да бағыттайды. Өзін-өзі толтыру үшін ол барлық сезімін «Өзіне бағыттайды».
Жанындағы адамдардың жай-күйін ұғынудың орнына ол үнемі тек өзіне ғана назар аударуын талап етеді. Және кісілердің ішкі дүниесіне емес, сыртқы өзгерістерге мән береді, өзі де әдемі киінгенді ұнатады, қылықты, сөйтіп жұрттардың назарын өзіне аударуды, кей кезде эксгибиционизм жағдайына түседі.
Адамның ішкі дүние сұлулығына, немесе сыртқы сұлулыққа акцент ету - ол көргіштің тікелей даму денгейіне байланысты. Жан дүниесін ашу, дамыған көргіштің ақ-жүректігін білдіреді, ал дамымаған көргіш тікелей денесін жалаңаштандырады.

Көргіш махаббат пен сезімталдық қасиетін қолданып сыртқа шығармаса, бойын ашу-ыза баурап алады, сөйтіп орынды қолдану таппаған эмоциялар сыртқа шығады. Эмоционалдық бопсалау мен кейде, өз-өзіне қол жұмсау бопсалау әдістерін, өмірде өз орнын таппаған, ойын жүзеге асырмаған көргіш қолданады. Көргіштің айлакерлігі мен стрестік күйдегі дыбыс вектордың өзіне қол жұмсау нақты әрекетін, айыра білу өте маңызды.
Эмоционалдық амплитудасы өте жоғары болғандықтан, көргіш өте әсерленгіш, жан-жағында болып жатқан жағдайларды көңіліне жақын алады. Әр оқиғаға алаңдаушылық пен жанашырлық білдіреді. Көргіш іштей махаббат сезімін, роман немесе кино кейіпкеріне жаны ашығаннан, шын жүректен жылауы мүмкін. Кейбір көргіштер аяныш сезімінен аулақ болуы мүмкін, олардың сезімділігі мен эмоционалдығы дұрыс дамымаған. Ішкі қорқыныш сезімін сыртқа өзге адамдарға махаббат пен мейірімділік сезімін көрсетпейді.
Көргіште әсерленгіштік басым болса, бұл эмоция тез арада беймазалыққа айналады, ішкі кернеу пайда болады. Мұндай көргіш гипноздың әсеріне бірден түседі, өте сенгіш келеді. Дәл осындай көргіштер балгер мен шарлатандардың қолына түседі.
Көргіштің басқа қыры - ол, аса биік, өзін-өзі сендіру қасиеті. Неше түрлі аутогендік жаттығулар көргішке әсерін береді, және содан оңды нәтиже көреді, неше түрлі эффект плацебо да (плацебо – секерден жасалған жалған дәрі), бәрінен де күшті көргішке әсер етеді.
Көргіш қиялшыл. Бір затқа өзі сенсе, ойдан шығарған қиялын нағыз шындыққа айналдырады, басқаларды да соған сендіреді. Қиял кейде шындықтан да, өнерден де нақтырақ болады.
Түйін сөз айтқанда, бұл статья көргіш аталық текте жазылса да, алайда алғашқы адамдар арасында, алғашқы қауымда ер көргіштер болмаған, олар туған кезде шетінеп немесе қауым каннибалы жеп, жоқ қылған. Мұндай нәзік және есіркеу ер баланың ол кезде пайдасы тимеген, олар аңшы не жауынгер бола алмаған, сондықтан масыл болып, тірі қалу амалы қалмаған. Алғашқы қауымда көргіш ердің түрлік рөлі болмаған.
Өмір сүруге деген құқығын алғашқыда аналды-көргіш ер адам тері-көргіш әйел арқасында иемденген. Аналды-көргіш ер адам «Жақұт тастарды» тері-көргіш әйел адам үшін өңдеп жасаған. Ақырында өмір сүру мәдени құқығын тері-көргіш ер иемденді. Каннибализмнен бас тарту - бізге таныс мәдениеттің басы.
Бұл жерде даму жағынан көргіш ер, көргіш ұрғашыдан кейін қалды, мың жылдықтар бұрын сезімтал мен эмоционалды болуды атқарып, ең жоғарғы денгейге жеткізді. Көргіш ер дамымаған салдарынан ол трансвестизм, транссексуализм және гомосексуализмнің кейбір түрлеріне шалдығады. Әлі күнге дейін қоғам тері-көргіш ер азаматтарды қыздар ретінде қабылдайды. Бірақ бұл олай емес, «Ер денесінде әйел адам» болмайды. Ер көргішке мәдени қоғам платформасын ең жоғары сатыға жеткізу үшін әлі де толық даму деңгейіне шығу қажет.
Бүгінгі көз алдымыздағы әлемді, оның өзгешелігі мен ерекшелігін бізге адамзаттың көрулік бөлігі, яғни көргіштер көз жеткізді. Біздің дүниені тануымызда көргіштік қасиетіміз қоршаған ортаны қабылдауымызда бәрінен бұрын алда, олар басты роль атқарады, бірақ оның басқа қыры да бар, бұл – қиял, сағым, елес.

«Көрулік вектор да әлемді сырттай қарауға шому, содан ләззат алу әдемілік деп саналады. Одан әрі, бәрі көрулік вектордың дамуы мен бағытына байланысты.
Юрий Бурлан.
«Қазірғі қоғамдағы көрулік вектордың өз мүддесін іске асыруы - ол өнер емес, көркем сурет өнері емес, ол адамзатқа деген махаббаты. Сезімтал, жанашыр адамзатқа классикалық ғашықтық сезінген «адами көргіш» әдемілік деп адамгершілік қасиеттерді атайды».
Юрий Бурлан.
Авторлары: Диана КИРСС, отбасылық дәрігер, Евгения АЛЕКСЕЕВА, медицина факультетінің студенті, Анастасия МАТОЧИНСКАЯ, тіл маманы.
Мақала Юрий Бурлан жүйелі-векторлық психология тренинг материалдары бойынша жазылған.
Мақаланы қазақ тіліне аударған: Салтанат СЕЙТКАЗИЕВА, Сания САРИЕВА.